Мәуліт мерекесі аталып өтті

Мәуліт мерекесі аталып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм ауданына қарасты Жамбыл ауылында Мәуліт мерекесі аталып өтті.  Іс-шараға ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты апалар, Абай атындағы орта мектебінің директоры мен оқушылары қатысты. Осы мерекеге орай ауыл кітапханасында Дін өмірдің өзегі  атты екі бөлімнен тұратын кітап көрмесі насихатталды. Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.) жайлы видео сюжет көрсетілді. Сүйіндік Гүлназ Аллаһу әкбар әнін, жетінші сынып оқушылары Аллаға щүкір әнін, ауылдық клуб қызметкері Т.Болысбеков домбырамен Зікуллаһ әнін орындады. Тоғызыншы сынып оқушылары Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) арналған  Мәуліт Шариф оқыды. Ауыл имамы Исаев Зият жиналған жамағатқа пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өмірбаяны туралы тартымды уағыз айтты.

Ауыл ақсақалдар алқасының төрағасы Көпбосынов Айтқұл атамыз көпшілікке мерекемен құттықтап сөз сөйледі. Бласов Бердіғұл қариямыз осы мерекеге арнап жазған арнауын  көпшілікке оқып берді.

Мерекенің арнайы шақырылған қонағы Аязбаев Тимур бауырымызға демеушілік жасағаны үшін көпшілік алғыс рахметтерін айтты.

Жетінші сынып оқушылары Н.Қапкен, Д.Сәтжан, А.Мәрен, Ж.Қуандақ және тоғызыншы сынып оқушылары сүре, хадистер айтып қариялардың алғыстарына бөленді, көрермендерге сөз жұмбақтар жасырды, жұмбақ шешімін тапқандарға діни кітапшалар, сыйлықтар тарту етілді. Ауыл имамы кештің өтуіне үлестерін қосқаны үшін мектеп директоры Ф.Сыздықоваға рахметін айтып сый сияпат жасады. Мектеп директоры Ф.Сыздықова көпшілікті мерекемен құттықтап, осындай тәрбиелі мәні бар іс-шараның көптеп өтуіне тілектестігін білдірді.

Кеш соңынан мектеп асханасында арнайы жайылған ақ дастарханнан дәм татылып тарасты. Кеш соңынан оқушыларға 3000 теңгеден ақшалай жалпы сомасы 49000 теңгеге қайырымдылық іс шарасы жасалды.

 

                                      Жамбыл ауылының  кітапхана меңгерушісі

                                                  Сабанбаева. Б

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: