Қордай ауыл имамдарының жиналысы

Қордай ауыл имамдарының жиналысы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы имамдарының қалыптасқан дәстүрі бойынша әр айдың соңында атқарылған жұмыстарды қорытындылау, болашаққа жоспар жасау үшін және де өзекті мәселелерді талқыға салып, Пайғамбарымыздың с.ғ.с сүннеті бойынша кеңесе шешу үшін айына бір рет жиналады. Міне бүгінде аудандық «Қордай» мешіті медресесінің жиналыс залында қараша айының қорытындысы бойынша кезекті жиналыс өтті. Жиналысты Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбай жүргізіп отырды.

Жиналыста көтерілген өзекті мәселе ол әрине мешіт құжаттары болды. Ә.Шалбай әрбір мешіттің құжаттарын қарастырып, жоқ құжаттарын түгендеуді тапсырып, құжаттарды реттеу жолдарын түсіндіріп берді. Әрине құжаттарға келгенде барлық нәрсе қаражатқа тірелетіні анық, осы мәселелерде демеушілермен белсенді түрде жұмыс атқаруды тапсырды. Екінші өзекті мәселе ол әрине «Ислам және өркениеті» және «Иман» журналына жазылу барысы талқыға салынды. Осы мәселеде белсенділік танытуға шақырып, біраз имамдарға Ә.Шалбай тарапынан сын айтылды.

Тараз қаласындағы «һибатулла Тарази» мешіті жанынан ұйымдастырылған семинарға қатысқан имамдардан есеп алып, ешбір себепсіз қалыс қалған имамдарға сын айтылды. Ә.Шалбай имамдарға өз білімдерін көтеру қажеттігін тағы да ескертті. Алдымыздағы 2014 жылға жұмыс жоспарларын құрып, оларды жүзеге асыруды тапсырды Ә.Шалбай. Ескертулер мен кемшіліктерді жоюға бар күштерін салатынын айтып, жақсы мәміледе имамдар өз ауылдарына тарқасты.

Аудандық «Қордай» мешітінің

баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: