Отанды қорғау міндетіміз.

Отанды қорғау міндетіміз.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Отанды қорғау – әрбір азаматтың міндеті. Осы орйда жұма күні аудандық Военкоматта болашақ сарбаздарды әскерге атандыру шарасы болып өтті. Жиынға аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы , Аудандық ішкі сасясат бөлімінің бастығы Жамалбеков Нұрдәулет, аудадық ақсақалдар төрағасы Бижанов Қожайхан, аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы Бауыржан Қырғызбаев ауыл тұрғындары және ата аналар катысты.

Бас имам өз сөзінде Ислам діні ақиқат пен парасаттылық, адамгер¬ші¬лік пен кішіпейілділік қасиеттерге үндейтін ұлы дін болса, Отан сол қасиеттерді жүзеге асыратын, пенделерді өркениетке бастайтын ұғым. Ата-бабалар қорғаған, кейінгі ұрпақтарға мұра етіп қалдырған Отанның азаттығы бәрінен қымбат. Алдымыздағы қаншама буын армандап, аңсаған тәуелсіздік тұсында тірші¬лік кешудеміз. Бәрі-міздің де көгеріп-көктейтін, жа¬пы¬рақ жаятын жеріміз – кең-байтақ Отанымыз.

Отанды сүю, әрине, иманнан екені сөзсіз Сіздер ел намысын қорғауға аттанғалы отырсыздар. Іргесін Керей хан мен Жәнібек хан қалаған қазақ елін біздің ата-бабамыз білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап келді. Одан кейінгі аға ұрпақ өкілдері еліміздің тыныштығын бұзбай сақтап келе жатырған дәстүрді сіздер секілді сенімді жастардың жалғастыруы заңдылық. Ұлан-ғайыр жерімізге көз тіккен алпауыт елдердің дегендерін болдыртпай, жерімізді қызғыштай қоруға Отанға деген патриоттық сезімдеріңіз басты құрал болады,-деді.


Одан кейін сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов болса, отан алдында борышын өтеуші жастарды құттықтап, оларға зор денсаулық, жауапты міндетті абыроймен өтеп келуді тіледі.

Т.Рысқұлов ауданы Ә Мейірханов әскери зейнеткер.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: