Діни кеңестің басты жаңалығы, Бас мүфти кітабінің тұсауы кесілді

Діни кеңестің басты жаңалығы, Бас мүфти кітабінің тұсауы кесілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен діни кеңестің кезекті отырысы аяқталды. Аталмыш іс-шараны ұйымдастыруға жетекші болған облыс әкімдігі. Іс-шараны облыс әкімінің бірінші орынбасары К.Көкребаев басқарды.

Ұйымдастырылған аталмыш кеңесте, Тараз қаласының әкімі Б.С.Орынбеков, Қордай ауданы әкімінің орынбасары Б.Т. Жаманкөзов, Байзақ ауданы әкімінің орынбасары М.А. Демесинов, Мойынқұм ауданының әкімі Б.А. Мәдікенов, Дін істері басқармасының басшысы С.Ө.Айдапкелов баяндама жасады және облысқа қарасты әрқайсы аудандардағы жастар саясатының өкілдері, «Нұр Отан» ХДП-ның белсенділері, ІІД-ның мамандары, діни департаменттің басшылары, зиялы қауым мен қоса БАҚ өкілдері болды.

Дәстүрге айналған жылдық діни кеңестің отырысына ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла Тарази» мешітінің Бас имамы Жұмабаев Данияр қажы қатысып, арнайы сөз кезегінде өңірдегі атқарылып жатқан діни іс-шаралардың негізіне тоқталып, облыс көлеміндегі дін қызметін атқарып жатқан имам-молдалардың жай-күйін, діни ахуалдардың мазмұнын егжей-тегжейлі баян етті.

Басты жаңалық ретінде, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы республикалық ислами бірлестігінің төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің сәлемін жеткізе келе, биылғы жылы жарық көрген Бас мүфтидің «Дін және Дәстүр» атты кітабін таныстырып, тұсауын кесіп келген көпшілікке тегін тарқатып берді. Өкіл имам қолдарыңыздағы кітапта бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелер мен жұрт көңіліндегі жүрген сауалдарға қанағаттанарлық жауап болатын терең мағлұматтар енгізілгенін, Ата дініміздің салт-дәстүрмен етене екені жазылғанын, ата-бабаларымыз ұстанған Имам Ағзам Әбу Ханифа мазхабының дұрыс тура жол екенін, бір ел бір мазхаб ұстанудың артықша құндылығын түсіндіретінін, сонымен қатар дінтану сабағын беретін ұстаздарға көмекші құрал ретінде бағыт бертенін, алдағы уақытта облыс көлеміндегі кітапханаларға қойылатынын сүйіншілеп жеткізді.

Көгедай Шәмерхан

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: