160 Имам білім арттырған семинар

160 Имам білім арттырған семинар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының, Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла-Тарази» мешітінде ұйымдастырылған имамдардың сауатын арттыру мақсатында ұйымдастырылған бір айға жоспарланып 4 аптаға бөлінген кезекті семинар аяқталды. Жалпы осы семинарға өкілдікке қарасты әрқайсы аудандардан 160 имам- молда қатынасты.


Бүгінгі таңда көптеген діннен алшақ, діни мағылұматы таяз, мұсылман баласына Алла Тағаланың жүктеген бес парызын орындау деген ниетке құлық танытпайтын, бойкүйез жандардың бар жұмысы имамдарды жамандау, қала берді «Олар адасқан» деп айғайлап сыртынан ғайбат айту. Кейде ойланасың осы имамдар сол жандарға не істеп қойды? Бар болғаны күллі ғаламның рахметі үшін жіберілген Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ның ізгі өсиеттерін жеткізіп, Алла жүктеген аманатты арқалап, адамдарды хақ жолына, игілік бақыт жолына шақырғаны айып па? Осы арада ойымыздың тянақты болуы үшін, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла-Тарази» мешітінің Бас имамы Жұмабаев Данияр қажының сөзі бойыныша айтар болсақ:

«Кейбір діни мағылұматы саяз бауырларымыздың, тура жолды дұрыс таңдай алмай, көлденең көк аттының көркем сөзіне еріп, арбауына түсіп, дін деген осы деп, сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан қасиетті дінімізге кір келтіріп, мұсылман баласының бойында болуға тиісті мінез-құлықтардан алшақ болуы. Қала берді бейбітшілігімздің баянды болуына кері әсер тигізіп, халықты өтірік дүрліктіріп, Ата заңымызға қарсы шариғат үкіміне қайшы, дәстүрімізге теріс қарауы алаңдатады.

Сол үшін халық алдындағы қызмет етіп, асыл дініміз үшін Алла жолында жүрген имамдардың білімі жан-жақтылы, айтар ойы айқын, көзқарасы ашық, танымы терең болуы керектігін ойлап семинар ұйымдастырып отырғанын жеткізді.» міне осы мақсатта имамдардың сауатын жетіліріп, ойда жүрген мәселелерді ортақ бөлісіп өзара пікір алмасу болса, семинарда арнайы сабақтардан Құран, ақида, тәжвид, мазхабтар тарихы, пайғамбарлар тарихы, хитабат қатарлы сабақтар өтілді. Сабақтардаы медресе ұстаздары Жәпек Ғалымбек, Отарбаев Бауыржан, Хамит Табарәк қатарлы ұстаздар, қатынасқан имамдарды жас ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөліп сабақ өтті. Ұйымдастырылған семинар соңына да жетіп, белсенді қатынасықан имамдарға арнайы сертификаттар берілді.


Көгедай Шәмерхан

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: