Жат ағымдарға жуымайық

Жат ағымдарға жуымайық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм аудан орталығындағы № 9 колледж студенттерімен еліміздегі қаптап кеткен діни ағымдарға байланысты кездесу болып өтті. Кездесуде аудандық мешіттің бас имамы, аудандық ішкі істер бөлімінің өкілі, аудандық қауіпсіздік комитетінің өкілі, колледж ұстаздары және студенттер қатысты.

Алғаш сөз алған аудан имамы, дәстүрлі Ислам дінінің құндылықтарын айтып, елімізде өркендеп келе жатқан дінімізбен қоса, діни ағымдарда жағаласып келе жатқандығын жеткізді. Осыған байланысты әр-қайсымыз асыл дініміздің құндылықтарын  үйреніп, мұсылмандық міндетімізді біліп алуға шақырды. Болашақта діни ағымдардың жетегінде кетпеу үшін жас кезден жастық шақты бос өткізбей жан-жақты көзіміз ашық көкірегіміз ояу болу керек екенін айтты.

Аудандық қауіпсіздік комитетінің өкілі арнайы хабар арнасы дайындаған, діни  ағымдарға байланысты видеороликті көрсетіп діни ағымдардың зияны турасында түсіндірді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: