Ислам – лаңкестікке қарсы.

Ислам – лаңкестікке қарсы.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бірлік ауылында «Бірлік» мешіті, «НұрОтан» партиясы және Бірлік округтік әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Ислам – лаңкестіккеқарсы» атты акция аясында ауылтұрғындары мен мектеп оқушылары арасында кездесу өткізді. Игілікті іс-шараға ауыл әкімі Т.Мұсақұлов, ауыл имамы М. Әбдібеков, «НұрОтан» партиясы Бірлік БПҰ төрағасы Е. Жұмабаев, ауыл ақсақалдары қатысты.

Кездесуде ауыл имамы Мейрамбек Әбдібеков хақ дін Ислам дінінің шариғаттары туралы айтып өтті. Ислам діні еш уақытта лаңкестікті жақтамайтынын, қайта ол бейбітшілікті, туғанжерін, отанын құрметтеуді, дүниеге әкелген ата-анасын сыйлауды, мүсәпір жетім-жесірге қолұшын беріп көмектесуді, алла жаратқан адамзат баласы бір-біріне дос-бауыр болуын қуаттайтын Ұлы дін екенін түсіндіріп айтып өтті. «Ислам бес маңызды нәрсені дінді, өмірді, ақылды, ар-намысты және мал-мүлікті сақтап қалу үшін келді. Осының біріне қолсұққан адамға қатысты қатаң жазалар бар, әрі қол сұғушылық мұсылманға қатысты жасалып жатырма немесе кәпірге қатыстыма – бұлмаңызды емес. Мұсылманға қатысты не нәрсеге тыйымсалынған болса, мұсылмандар мен бейбіт келісім-шартта болған кәпір үшін де сол нәрсеге тыйым салынған!

Мектеп мұғалімі Қ.Әбдірашев: «Дін дегеніміз – ол адам жүрегінің жылы шуағы. Адамзат баласының достығы, бір-біріне деген адамгершілігі, мұң-мұқтажына қарайласып, шын пейілінен шыққан мейірбандылығымен алла жаратқан өзі секілді пендеге қамқорлық көрсету. Міне осылардың хақ жолымен адал атқару үшін адам еңбірінші өзінің бойындағы арам иістерге «жиһад» жариялауы керек. «Жиһад адам өлтіру, өзісекілді тірлікті сүйген пенденің өмірін қию емес, қайта осындай аллаға жат өз бойындағы қаскөй қылықтармен күресу», - деп сөзін қорытты.

Мектеп психологі Ұ. Әбдімұратова оқушыларға суицид, яғни өзіне-өзі қол жұмсау жайында түсініктеме берді. . Ол суицид жайында оқушылармен сұрақ-жауап жүргізе отырып, алмағайып заманның желісінде қазіргі уақытта көптеген жастардың өз-өзіне қол жұмсап жатқандығы жайлы айта келіп, «Күйзеліске жол жоқ» тренингі бойынша күйзелістің не екенін анықтады. Пайда болу жолдарын саралады. Оны болдырмау, бола қалған жағдайда одан шығу жолдарын балалар талқысына салды. Оқушылар қорқыныш-үрейдің шығу тегін анықтап, оларды болдырмау жолдарын қарастырды, күйзелісті іште сақтамай, достарыңа немесе өзіңді түсінетін жақындарыңа айтып, шығужолдарын бірлесіп табу керек деп түсінік берді.

Ұстаз А. Құралбекұлы: «Ислам – лаңкестікті қолдамайды. Кешегі күнітеледидардан көрсетілген қазақ «жиһадшылары»-ол шетелдік экстремистік топтардың айрандай ұйып отырған қазақ елінің бейбітшілігіне тас лақтыру іспетті. Оубастан ислам дінін ұстаған қазақ ұлты алла алдындағы бес парызға сәйкес иманды болу, уақытын текке кетірмей жаратқанға құлшылық ету арқылы ешкімнен артық емес екендігіне, асып-таспай кедей-кембағалға зекет беру, ораза ұстап, ойдағы-бойдағы артық-ауыс зілмауыттардан арылу, қажылыққа барып кағба алдында адамзат атаулының теңдігін күллі сана-сезімі, бой-тұлғасымен түйсінуді алға қойған. Алла өз-өзіне қол жұмсаушылықты қолдамайды, демек «аллажолында шейіт боламын, пейішке барамын» деп жиһадқа баратындардың өз сөзіне өздері қарсышығып тұрғандары айтпаса да түсінікіті. Қолдарынақару ұстап, исламның ақжолында жүрміздегендер, өзге елдің байлығына көзін сатып, солбайлықты иелену үшін ел арасына өз лаңкестік топтарын жіберу арқылы өз ара соғыстырып, соңында бірлігі кеткен елге «төрешілік қызметін жасау» арқылы қожалық етуді көксеген алпауыт арамза мемлекеттердің әрекеті».

Кездесуді «НұрОтан» партиясы Бірлік БПҰ төрағасы Е. Жұмабаев: «Ислам діні-ұлтқа бөлінбейді. Біздің дініміз - таза, көр кемдін. Таза дін-адалдық көрінісі. Сабырлы болып, ата-ананы сыйлау, мейірімді болуға үйрететін дін. Яғни, Ислам – хақ дін. Ол лаңкестікті қолдамайды», - деп түйіндеді.

А. Молдабаев

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: