Дін және жастар туралы баяндама жасалды

Дін және жастар туралы баяндама жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысындағы іргелі оқу ордасының бірі ТарМУ-дің кіші жиын залында «Ақпараттық технолгиялар, автоматика және телекоммуникация» кафедрасының ұйымдастыруымен «Дін және жастар» тақырыбындағы баяндама жасауға дін өкілдері, облыстық жастар бөлімінің мамандарымен қоса дінтанушы мамандар шақырылды.

Баяндама жасау кезегінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, «ҺибатуллаТарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қажы қоғамдағы жастардың заң бұзушылыққа бару жайында «Жастарды жалпы жамандаудан аулақпыз, деседе кей жастардың мемлекет заңына қиғаш, ислам шариғи үкіміне оғаш жолға түсуінде түрлі факторлар бар, бастысы жалқаулықтан шығады. Көп жастар білім алуға құлшыныс танытпайды. Ал білім алып жүрген жастарда жеке ізденіс қабілеті таяз. Оқу ордаларына сөмке арқалап келіп бос қайту. Ең бастысы уақытты үнемдей біліп, жастықты қастерлеуде жатыр. Әрбір күннің қадіріне жете алмау, орны толмас өкіншке апарары сөзсіз. Сондықтан қандай білім алса да қоғамға пайдасы тиетін қабілетті адам болуға асыққан абзал екенін, діни сауат ашып мағлұмат аламын деген жастарға тек арнайы имамдардан келіп сұрап үйренсе, ғаламтор желісіне бой алдырып, теріс ағымдардың құрығына ілінуден абай болу» керектігін ескертті. Сонымен ары жалғасқан баяндамашылар кезегінде дінтанушылар мен аға ұстаздарға сөз беріліп көзқарастарын ортаға салған соң студенттер арасынан жалынды жастардың өлең оқуына да орай берілді. Жастар өз жүректерінен шыққан шығармаларын оқып, ғибаратты термелер айтып, «Құлақтан кіріп, бойды алар»күйлерді нақышына келтіріп орындады.

Баяндаманың сірге жияр сөзі, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы жастар өкілі Аманбаев Ержанға беріліп, Ержан бүгінгі жастардың нені қызғушылықпен қабылдайтынын айтып, еліктеудің зияндарын түсіндіріп, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

Елеулі еңбек бағаланды

Жамбыл облыстық жастар маслихатының төрағасы Исламбек Дастанұлы

Өңіріміздегі түрлі басқосулар мен жиналыстарға қатынасып, қолдау көрсетіп отыратын ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қажы мен Облыстағы жастар өкілі Аманбаев Ержанға қызметтеріне табыс тілеп, алдағы уақытта бірлікте іс жүргізу турасында ұсыныс білдіріп, арнайы грамотамен марапаттады.

 

Көгедай Шәмерхан
«Hibatulla.kz» ақпарат

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: