Жалынды жастарға жарқын кеңес

Жалынды жастарға жарқын кеңес

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жалынды жастардың ертеңгі болашағы туралы көп ғылыми конференциялар өткізіліп, БАҚ-құралдарында үнемі айтылып жатса да, жастармен кездесіп ашық пікір дөңгелек үстелде емен-жарқын ой бөлісудің маңызы өзгеше. Осы мақсатты жүзеге асырып, сөз жүзінде емес, іс жүзінде көрсетуді мақсат еткен ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі түрліше кездесулер мен бас қосулардың куәсі болуда. Биылғы жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Республикалық ислами діни бірлестігінің төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бастамасымен діни басқарма жанынан жастармен іс жүргізу бөлімі ашылған болатын. Әр аймақтарда жастар өкілі бар.

Осындай өкілдердің қатарындағы Жамбыл облысындағы өкілі Аманбаев Ержан Маханұлы, өз жұмысының үдесінен шыға білуде, кей күндері 10 кездесуге бір өзі қатынасады. Жастар тәрбиесіне орай имамдар мен дінтанушылардан құралған топтармен бірнеше кездесулер өтті. Жүйеден айтар болсақ, «Молда Мұхамеджан» мешітінің бас имамы Оразов Исатай қажы ТарМУ-де студенттермен кездессе, Аманбаев Ержан Жамбыл қонақ үйінің кіші жиын залында қызметкерлермен қоса жеке кәсіп өкілдерімен насихатта болды. Ал, «Әулие-Ата» мешітінің бас имамы Ахметжан қажы Керімбек, «Тектұрмас» мешітінің бас имамы Мұхтар Бимұрзаев ЖГТУ-дің студентерімен кездесті. Жалпы кездесулердегі басты мақсат біреу, өңірдегі жастарды имандылыққа шақырып, жат ағымдардың арабауының алдын алып, салауатты қоғам құрып, Отанның тынштығын сақтап, дініміздің өркендеуіне күш салу.

Көгедай Шәмерхан

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: