Қажылармен жүздесу

Қажылармен жүздесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қажылық - Ислам дiнiнiң ұстыны болған бес парыздың бiрi. жағдайы келген мұсылман өмiрiнде бiр рет қажылық амалын орындауы – парыз. Қараша айының 20 күні Т. Рысқұлов ауданы Аудандық «Сұлтан» мешітінде Құлан ауылының қажылары бас қосты

Бас имам Сұлтаншәріп қажы өз сөзінде Қажылық – саяхаттау емес, салмағы ауыр үлкен ғибадат. Қажылар – мешіт имамдарының қамқоршысы, әрі жанашыры. Елді сабырға шақырып, жастарымызды дұрыс бағытта тәрбиелеуде қажыларға жүктелер жүк ауыр. Қажылыққа аман-есен барып келген қажыларымызды қоғам, мешіт жұмыстарына қолғабыс жасайды деп есептеймін, Мемлекеттің беделі әр отбасының, әр адамның еңбегімен тікелей байланысты. Сол себепті қажыларға түсетін салмақ та ауыр болмақ. Қоғамдағы мәселелерді имамдардын ғана мойнына артып қоймай, бірге бөлісу, үлес қосу қажылар мен қоса жалпы адамзаттың міндеті екенін түсінетін уақыт жетті. «Ислам және өркениет» газетімен «Иман » журналын отбасыңызға, айналаңызға жеткізіп отырсаңыз бізге қосқан үлестеріңіз сол болмақ .

Одан әрі сөз алған кәсіпкер Садыков Сәбит ағамыз Жалпы, қажылардың қоғам, ұрпақ тәрбиесіне қосатын үлесі мол болуы керек. Баршаңызды ауданымыздағы діни ахуалды оңалтуға атсалысуға шақырамын», - деді.

Әбілда Мейірханов әскери зейнеткер.

Т.Рысқұлов ауданы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: