«Қордай» гуманитарлы-экономикалық колледжінің студенттерімен жүздесу.

«Қордай» гуманитарлы-экономикалық колледжінің студенттерімен жүздесу.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық мешітінің қызметкерлерінің ат салысуымен жергілікті жастармен жұмыс істеу үдерісі күшейе түсуде. Міне, бүгінде аудан орталығында орналасқан «Қордай» гуманитарлы-экономикалық колледжінің студенттерімен және ұстаздар ұжымымен семинар өтті. Семинарды аудандық «Жастар орталығы» мен аудандық «Қордай» мешіті бірлесе ұйымдастырып, арнайы түрде ҰҚК және аудандық ІІБ (полиция) өкілдері шақырылды.

Семинардың тақырыбы «Дін және лаңкестік». Семинарды «Жастар орталығының» әлеуметтік қызмет секторының меңгерушісі А.Таутан жүргізіп отырды. Бірінші сөз аудандық «Қордай» мешітінің өкілі, дінтану магистрі Д.Жандосұлына берілді. Д.Жандосұлы сөзін Аллаға мақтау, пайғамбар Мұхаммед с.ғ.с салауат айтумен бастап, дін сөзінің жан-жақты мағынасын ашып беріп, оның ішінде ата дін Ислам жайлы мағлұмат берді. Ислам сөзінің бір мағынасы бейбітшілік екенін түсіндіріп өтті. Осы себепті мұсылман атаула адам өзгеге зиян келтірмейтін, Исламмен үйлесімділікте өмір сүретін тұлға екенін ескертіп өтіп, лаңкестік әрекеттер Исламға жат екенін түсіндірді. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары «түймедей нәрсені түйедей көрсетуі» бүкіл мұсылман қауымына кір жағу екенін тілге тиек етті.

Жастарды діни сауат ашуға шақырып жат дін өкілдердің және кейбір экстремистік ұйымдардың құрбаны тек қана діни сауатсыз жастар екенін ескертті. Сауат ашу барысында тек қана ҚМДБ қызметкерлерінен дәріс алып, тек ҚМДБ сараптамасынан өткен діни әдебиеттерді оқуға шақырып, ғаламторда тек ресми ҚМДБ сайттарынан ақпарат алуға шақырды. Атауы алуан түрлі, мақсаты тек қана материалдық құндылықтарды көздеген топтарға тоқталып өтіп, жастарды теріс ағымдардың атауымен, олардың пиғылдарымен құлақдар етті. Д.Жандосұлына студенттер тарапынан көптеген қызықты да, маңызды сұрақтар қойылып, оларға Д.Жандосұлы мардымды жауаптар қайтарып, қызықты уағыз-насихат өтті. Келесі болып Қордай аудандық ҰҚК-нің өкілі М.Анарқұловқа берілді. М.Анарқұлов елдегі діни ахуалға тоқтап, лаңкестік әрекеттерді үш кезеңге бөліп, оларды сипаттап берді.

Студенттер тарапынан М.Анарқұловқа сұрақтар қойылып, оларға тиісті жауаптар қайтарылды. Келесі болып ІІБ кәмелетке толмаған жастармен жұмыс істеу бөлімінің аға инспекторы, полиция капитаны Е.Кунжановқа берілді. Е.Кунжанов жастар арасындағы қылмыстық ахуалға тоқталып өтті. Семинар барысы қызықты да пайдалы өтті. Жастарымызды ата дінімізге баули келе, Ханафи мазхабының ерекшеліктеріне мән бере жастарымызды түрлі ағымдардан, сан түрлі секталардан сақтай аламыз. Алла тағала ниетімізді іске асыра көр!

 

Аудандық «Қордай» мешітінің

баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: