Кезекті жиналыс

Кезекті жиналыс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

2013 жылдың 18 карашасында Т.Рысқұлов ауданы орталық «Сұлтан» мешітінде ауыл молдалары арасында бас қосу жиналысы өтті. Кездесу барысында аудандық «Сұлтан» мешіттің бас имамы Сұлтаншәріп қажы ауданымыздағы діни ахуалына тоқтала келе, ауыл молдаларының атқарып жатқан жұмыстары мен іс-шараларына жеке-жеке тоқталып, межеленген міндеттердің орындалу барысында, молдалардың білімін жетілдіруіне үлес қосатын семинарлар өткізу жоспарланып жатқанын сөз етті. Сондай-ақ, жиналыс барысында әр ауылға Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзхабы бойынша намаз оқу үлгісі мен дәрет алу әдебтері бейнеленген суреттер мен аят және хадистер келтірілген кітапшалар жасалып халыққа таратылу жолдары қарастырылды.

Бұл жиынның басым бөлігі мешіттердің жұмысын жақсарту мен молдалардың қызметіне бағытталды. Бір қатар тапсырмалар мен кей молдаларға ескертулер берілді.

Осы жиналыста көптеген тың ойлар туып, осы ойларды имамдар бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып ауызбіршілікпен, қуана-қуана жүзеге асыруға атсалысатындарын білдіріді.

Әбілда Мейірханов әскери зейнеткер.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: