Twitter-дегі бір хабарлама Ганалық қарапайым шаруаға Меккеге баруға мүмкіндік берді

Twitter-дегі бір хабарлама Ганалық қарапайым шаруаға Меккеге баруға мүмкіндік берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Мұны біраз үлкен етіп жасағанда, ол мені Меккеге апара алар ма екен?". Бұл сұрақты аэротүсірілім үшін қолданылатын дронды көрген Гананың Абдулла есімді шаруасы түрік телевидениесінің журналистіне қойған екен.  

TRT World телекомпаниясының журналистері ганалық шаруалар тіршілігін түсіру үшін Гана ауылдарының біріне келген болатын. Журналистің айтуынша, шаруалардың бірі дронға  расымен де қызығушылық танытып,  телекомпанияда Меккеге апарып келе алатындай үлкен дрон бар ма деп сұраған.  

Журналист бұл жөнінде Твиттер әлеуметтік желісіне жазған екен, ал бұл хабарлама жария болған соң, күтпеген жағдай орын алыпты. Түркияның қарапайым адамдары мен кәсіпкерлері ганалық шаруаның арманын орындауға дайын екендерін білдіріп журналистке хабарласыпты.  

Бұл мәселеге Түркияның Шетел істері министрлігі де қосылыпты. Нәтижесінде, Абдулла қазір Стамбулда, Меккеге ұшқалы отыр.

Как одно сообщение в Twitter позволило отправиться в хадж простому крестьянину из Ганы

muftyat.kz


«Намаз оқылып болған соң, жан-жаққа тарап Алланың мол рақымынан (кәсіптерің арқылы) өз ризық-несібелеріңді іздеңдер» «Жұма» сүресі 10-аят

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: