Көлік жүргізушісіне көмектесетін білезік (видео)

Көлік жүргізушісіне көмектесетін білезік (видео)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Латвиялық Creative Mode компаниясы шаршаған көлік жүргізушісінің көлік айдап келе жатқанда ұйықтап кетпеуіне көмектесетін білезік жасап шығарды.

Бұл жайында Hi-news.ru ақпарат көзі хабар таратты. STEER деп аталатын бұл құрылғы биыл қараша айында саудаға шығарылады. Аталған құрылғы он алты датчикпен жабдықталған.

Нақты уақыт аралығында көлік жүргізушісінің жүрек қағысын қадағалайды, егер шаршағаны жеңіп, көзі жұмыла бастаса, көлік жүргізушісінің терісін электр тогымен тітіркендіріп отырады.

Электр тогының разряды оны оятып қана қоймай, біршама сергітеді де. Яғни, ток соққан соң көлік жүргізушісінің ағзасындағы серотонин, норадреналин және кортизолдың деңгейі көтеріліп, керісінше ұйқы гормоны, мелатонин кемитін болады. 

 
islam.kz

Пайғамбарымыз (с.а.с) бір хадисінде: «Қиямет күні Алланың ешбір құлы өмірін қайтіп өткізгендігі, алған білімін не істегендігі, дүние-мүлкін қандай жолдармен тауып, қайда жұмсағандығы және тәнін қандай жолда жүріп тоздырғандығы жайлы есепке тартылмайынша бір адым да аттай алмайды», – деген.
 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: