Тарихта тұңғыш рет Иранның ұлттық әуе компаниясын әйел басқармақ.

Тарихта тұңғыш рет Иранның ұлттық әуе компаниясын әйел басқармақ.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Иранда IranAir ұлттық әуе компаниясының бас директоры болып әйел кісі тағайындалды. Бұл шешімді Ислам Республикасының Көлік министрі қабылдаған болатын.

1940 жылы негізі қаланған компания тарихында тұңғыш рет нәзік жанды адам аталған ірі орынды басқаратынын атап өткен жөн.

44 жастағы Фарзане Шарафбанидің ұшқыш және Аэронавтика жөніндегі үшінші дәрежелі академиялық куәлігі бар.

Бұған дейін ол әуекомпанияның директорлар кеңесінің мүшесі болған. Енді ол ондаған жаңа Boeing және Airbus әуе кемелерін сатып алуға мәміле жасасуы тиіс. 

muftyat.kz


 

Ан-Нахл сүрес, 97 аят: "Ер немесе әйелден кім сенген бойда түзу іс істесе, әлбетте оны жақсы тіршілікте жасатамыз. Әрі оларға істеген істерінен жақсырақ сыйлық береміз".

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: