Рамазанда өзіңізді қалай тәрбиелеп жатсыз? (ВИДЕО)

Рамазанда өзіңізді қалай тәрбиелеп жатсыз? (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ораза адам жанын тазартып, жаман қылықтардан сақтайды. Құранда Алла тағала: «Ей, иман еткендер! Күнәлардан сақтанып, тақуалыққа жетулерiң үшiн сендерге бұрынғыларға парыз етiлгендей ораза парыз етiлдi» («Бақара» сүресi, 183-аят) дейдi.

Бұл қасиеттi айда тек қана iшiп-жеуден ғана емес, өсек-өтiрiк, ғайбат сынды жаман әдеттерден тыйылуға тиiспiз. Өйткенi, ораза тек iшiп-жеуден бас тарту үшiн ғана емес, сондай-ақ, құлақ, көз, ауыз күнәларынан да сақтану үшiн ұсталады.

Ал сіз өзіңізді қалай тәрбиелеп жатсыз? 

hibatulla.kz


Алла Елшiсi (с.ғ.с.) Рамазан айы туралы: «Рамазан келгенде жәннат есiктерi ашылып, дозақ есiктерi жабылады, шайтандар кiсенделедi», сондай-ақ, «Шынында, жәннатта бiр есiк бар, ол – «Раййан» деп аталады" - дейді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: