Баланы ізгілікке үйрету сіздің міндетіңіз! (ВИДЕО)

Баланы ізгілікке үйрету сіздің міндетіңіз! (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сәби ештеңе жазылмаған таза ақ парақ сияқты. Оны ата-анасы тәрбиелеп, не салихалы мұсылман етеді, не тәрбиесі кемшіндеу адам етіп шығарады. 

Мұсылмандық тәрбие кәлима шәһәдаттан басталып, Хақ Тағаламен қарым-қатынас, басқа адамдармен қарым-қатынастарды, дүниелік һәм ахиреттік мүдделерді қамтиды.

Ең алдымен иман шарттарын, сосын мұсылмандық әдептерді, дұрыс амандасуды, ата-ананы сыйлауды, ағайынмен, достармен, басқа жандармен жақсы мәміледе болуды үйретеді. Обал-сауапты, адал мен арамның ара-жігін көрсетіп, оңы мен солын танытады. Ал балиғат жасына жеткенде намаз оқуға бұйырады.

hibatulla.kz


Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді:

قَالَ اللهُ تَعَالَى: ﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا قُوا أَنْفُسَكُمْ وَأَهْلِيكُمْ نَارًا وَقُودُهَا النَّاسُ وَالْحِجَارَةُ﴾ 

«Уа, иман келтіргендер! Өздеріңді және отбасыларыңды отыны адамдар мен тастар болған оттан (тозақ отынан)құтқарыңдар» (Тахрим, 6).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: