Сауд Арабиясындағы құрма бағы. (ВИДЕО)

Сауд Арабиясындағы құрма бағы. (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құрма – арабтардың күнкөрісінде  маңызды орын алатын  иісі мүлдем білінбейтін бірақ  дәмі тіл үйіретін  тәтті жеміс. Бұл жеміс тарихшылардың айтуы бойынша, адамзат тарихының  3500-4000 мың жыл бұрын пайда болған деседі. Құрманың 500-ге тарта  түрі субтропиктік және тропиктік аймақтарда таралған.

Алла Елшісі (с.а.у) құрманы  қатты ұнатқан. Мәселен, құрма маусымында өзіне сыйлық ретінде тартылған жас құрмаларды кері қайтармайтын. Тағы бір сөзінде «Құрмасы жоқ үйдің адамдары анық аш қалғаны» деп, құрманың Мәдиналық кедейлердің күнкөрісінде қаншалықты орын алғанын байқатқан (Ибн Мәжә).  Шаңырағында айлап қазан асылмаған уақыттардың өзінде де оларға арқау болған құрма мен қара су еді. Айша анамыз (р.а.) сол күндерді: «Алла елшісі (с.ғ.с) қайтыс болғанда да, қара құрма мен қара судан басқа ештеңе таппағанбыз», – деп еске алған (Бұхари). Бірақ тек құрма жеп күнелткен уақыттарда сахабалардың ешбірі ауруға ұшырамаған.

hibatulla.kz


Құран Кәрімде  де құрма жайлы бірнеше жерде баяндалған: «Көктен су түсірген де – Алла.  Кейіннен сол арқылы әр түрлі өсімдіктер шығардық. Ол өсімдіктен бір жас бұтақ өсіп, бір-бірінің үстіне мінгескен дәндер, масақтар өндіреміз. Құрма ағашынан жеміс толы салбырап тұрған бұтақтар, бұған қоса жүзім, зәйтүн, анар бақшаларын өсіреміз. Бұлардың кейбіреуі бір-біріне ұқсайды, кейбірі ұқсамайды. Алғаш жеміс салғанда және толық піскен кезінде әрқайсысының жемісіне қараңдар. Күмәнсіз, сенетін көпшілік үшін мұнда көптеген ғибраттар бар» (Әнғам сүресі, 99).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: