Сарыағаш медресесінің жаңа ғимараты ашылды (ФОТО)

Сарыағаш медресесінің жаңа ғимараты ашылды (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сарыағаш медресесін білмейтін жұрт кемде-кем. Сол медресенің жаңа ғимараты ашылады дегенді естіген жұрт тағатсыздана ашылуын күткен еді, енді міне сол күткен ашылуы да болып өтті. Мамыр айының 19-жұлдызында «Сарыағаш» медресе-колледжі салтанатты түрде білім іздеген жас ұрпаққа есігін айқара ашты. Ашылу салтанатына ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, ҚМБД ОҚО өкіл имамы Ахметжан Керімбек, Абдулла қажы Жолдас, Арман Қуанышбаев сынды ғалымдар және т.б. облыс және қала имамдары қатысты. Серікбай қажы жаңа медресенің кілтін медресенің жаңа директоры Абдуғаппар Смановтың қолына табыстады.

Сарыағаш медресесі жалпы 350 шәкіртке арнап салынған. Ескі ғимаратта 300-ге жуық шәкірт білім алса, оның 100-ге жуығы дипломын алуға дайындалып жүрген көрінеді. Жаңа оқу жылында 150-дей жаңа шәкірт қабылдауды жоспарлап отыр.

Жаңа медресе ғимараты заманауи стандартқа сай салынған. Іші толығымен дерлік жиһазбен жабдықталған. Шәкіттерге арналған жатақхана, асхана, қонақтарға арналған қонақ бөлмелері, арнайы жуынатын бөлмелері тағы бар.

Медресенің ашылуына орай қарилар арасында құран жарысын, балуандар арасында күрестен турнир өткізілді. Бірінші орындағыларға умра қажылық, қалған орындарға ақшалай сыйлықтар берілді.


Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінің соңында: «Әрине, бұл үмбет Алланың ісі (қиямет) болғанша, Алланың әмірінде тұрады. Оларға қарсылық көрсеткендер зиян жеткізе алмайды», – дейді. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: