Бір сәтте жұлдызға айналған мұсылман (ВИДЕО)

Бір сәтте жұлдызға айналған мұсылман (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ибн Әли Миллер – АҚШ-тың мұсылман азаматы. Ол көшеде жаға жыртысып жатқан екі жасөспірімге араша түсіп, оларға біршама насихат айтып, соңында достастырған.

Бұл жағдайды бейнеге түсіріп тұрған бір топ бала оны әлеуметтік желіге салған болатын. Нәтижесінде, әлеуметтік желіде Ибн Әлидың бұл әрекетіне сүйсінген көпшілік жарыса бөлісіп, ғаламтор желісіне тез тарады.

Осы оқиғадан кейін Ибн Әли АҚШ-тың бірқатар телеарналарынан жан-жақты  шақыртулар алады. Оған барша халық қолдау көрсетіп, сый-сыйапатын тікелей эфирде табыстады.  

Алайда, Ибн Әли кезекті «Steve Harvey» бағдарламаcында аталмыш жағдайға байланысты былай деді: «Мен өзімді жұлдыз санамаймын. Мен тек Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар өсиеті бойынша әрекет жасадым. Мен мұсылманмын, демек мен бұл қадамға баруым керек. Себебі, екі адамды араздастырудан гөрі достастырған игі іс деп білемін».

kazislam 


«Мәида» сүресінің 2 аятында: «Ізгілік пен тақуалықта өзара көмектесіңдер» дейді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: