"Қияметке дейін қалады" деп салынған мешіт... (ВИДЕО)

"Қияметке дейін қалады" деп салынған мешіт... (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сұлтанахмет мешіті Стамбұлдың ғана емес, күллі Түркияның символы іспетті. Сыртынан қарасаң, көркіне көз тоятын мешіттің ғұмыры да ұзақ.

Мəрмəр теңізінің жағасында, Стамбұлдың тарихи орталығына орналасқан Сұлтанахмет мешіті 1609-1616 жылдары аралығында салынған. Архитектурасы классикалық османдық жəне византиялық стильдегі мешіттің 6 мұнарасы бар.

Аңызға сенсек, алғашқыда сұлтан 4 алтын мұнара орнатуды бұйырған. Бірақ архитектор шатасып, 6 алтын мұнара көтеріпті. Тас пен мəрмəрдан қаланған ғимаратта 20 мыңнан астам қолдан жасалған ақ жəне көгілдір түсті керамикалық плиталар қолданғандықтан, «Көгілдір мешіт» атанған. Плиталарға қызғалдақтың 50-ден астам түрі суреттеліпті. Ғимараттағы 260 терезеден түскен Күн сəулесі мешіттің ішін самаладай жарық етеді.

Ал ішіндегі оюы көздің жауын алады. Ғасырлар бойы сыны мен сырын бермеген қабырғаларда сан мәдениеттің ізі жатыр.

Сәулет туындысын салынған соң өз  уақытының ең үлкен сәулетші Синан: « Уа сұлтан, мен, сен үшін қияметке дейін жер бетінде қалатын мешіт салдырдым», - деген екен.

hibatulla.kz


Муаз (р.а.) жеткізген хадисте, ол Алла Елшісінің (с.ғ.с.) мына сөзін естігенін айтады: «Құдіреті күшті Алла айтты: «Бірін-бірі жақсы көргендер үшін Мен нұрдан мінбер дайындаймын және оларға пайғамбарлар мен дін жолында шейіт болғандар қызығатын болады!» (Ат-Термизи).

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: