Бекет Ата жерасты мешіті - Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген тұмсығының үзіліп қалған Оғыланды шоқысына қашалған тарихи-сәулет ескерткіші. Үш-төрт қанат киіз үйдің көлеміндей үш бөлме. Дерекке сүйенсек, Бекет ата 1750 жылы туылып, емші, көріпкел ғана емес, физика, математика, астрономия заңдылықтарын жақсы білген ғұлама ретінде аты танылған.
Бұхарада оқып, ілім жинаған соң, өз өңіріне қайта келіп, бес мешіт салдырады. Жергілікті дін ғұламаларының арасында атақ-даңқы өсікен. Пайғамбар жасында дүние салады. Бекет атаның мүрдесі осы жерасты мешітіндегі бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған.
Өлкедегі аса қастерленетін, ислам әлемінде әйгілі ескерткіш – Оғыланды жеріндегі (Үстірттің батыс шыңдары) Бекет-Ата жерасты мешіті. Мешіт Шопан-Ата қорымынан 100 км шығыста орналасқан.
Бұл жер жақында ғана National Geographic нұсқасы бойынша, Қазақстанның ең көркем 5 жері тізімене енді.
Бұл мұсылман ғибадатханасы 17 ғасырда соғылған. Онда бару үшін 1500 метр жер астына түсу керек.
hibatulla.kz
Алла Құранда: «Ей, адам балалары! Әрбір құлшылық орынында зейнеттеніңдер!»-деген (Ағраф сұресі, 31-аят). Яғни, әрбір намаз кезінде зейнетті киімдеріңді киіңдер.