Бүгінгі күннің Абу Хурайрасы (видео)

Бүгінгі күннің Абу Хурайрасы (видео)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла елшісі (с.ғ.с) мысық жануарын ерекше жақсы көріп, оларға қамқорлық жасайтын. Өзінің үйіндегі мысығын тіпті дұға үстінде де қасына алып, сыйпап отыратын. Жануарға осындай мейірімділік танытқан Алла елшісі (с.ғ.с) өзінің үмбеттеріне де мысыққа қамқорлық жасауды айтып кеткен. Мешітке кіруге рұқсат берілген жануар да осы мысық.

Сондай-ақ, Абу Хурайра (р.а) мысықтарды ерекше жақсы көрді. Жануарға деген осы игі қамқорлықты бүгінге танытып жүрген мұсылмандар бар. Соның бірі Гассан Макдис Байтуль. Ол 1971 жылдар бері Аль Акса мешітінің маңындағы иесіз мысықтарға қамқорлық жасап келеді. Өздерінің қамқоршысына айналған Гассанға мысықтар да үйреніп алған.

Оның соңынан еріп, бір елі қалар емес. Макдис Байтульдің осы ерекше мейіріміне сүйсінген жергілікті тұрғындар оны екінші Абу Хурайра деп атап кеткен. Төмендегі бейнероликтен Гассанның бір күндік өмірінен үзінді көре аласыздар.

Ihsan.kz


 

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әнас! Мысық үй жануары, ол ешбір нәрсені лас етпейді және ешбір нәрсені нәжіс етпейді»,–деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: