Сәләфиліктен қайтқан үш ғалым (сәләфилерге үндеу)

Сәләфиліктен қайтқан үш ғалым (сәләфилерге үндеу)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Йорданиялық шейх Саид Фуда үш мадхалит (Робиъ әл-Мадхалидің жолындағы сәләфи) жігіт өзімен жолығып, шейх Ибн Таймияның ақидасы төңірегінде әңгімелеседі. Шейх Саид Фуда бұл үшеуіне сәләфи ақидасы мен ашғари (матуриди ақидасымен параллель мектеп) ақидасын салыстырып қарауға кеңес береді.

Біраз уақыттан кейін әлгі үш жігіт Саид Фудаға келіп, бірнеше айлап, әр күні 15 сағат бойына екі жақтың кітаптарын ақтарып, терең зерттеу жасағандарын жеткізеді. Нәтижеде үшеуі де сәләфилікті тастап, ашғари ақидасына өткен. Бұл үшеуінің әрқайсысы бүгінде үлкен ғалымдарға айналған. Олар, Йемендік шейх Сәйф ибн Али әл-Асри, Йемендік шейх Абдульфаттах Қудайш әл-Яфиғи және Біріккен Араб Әмірлігінен шыққан шейх Абдулла әл-Жунайд. Саид Фуданың бұл оқиғаны баяндаған видеосын мына сілтемеден біле аласыз.

Еліміздегі сәләфи бауырларымызға да, өз діни ұстанымдарына қайта қарап, салыстыруға кеңес береміз.

 

Йемендік шейх Сәйф ибн Али әл-Асри

 Біріккен Араб Әмірлігінен шыққан шейх Абдулла әл-Жунайд

Йемендік шейх Абдульфаттах Қудайш әл-Яфиғи

Қанат Жұмағұл теолог

www.maturidi.kz


Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Жуық арада бүліктер туындайды. Ондай жағдайда отырған кісі тұрғаннан, тұрған жүргеннен, жүрген жүгіргеннен қайырлы болады. Кімде-кім бүлікке бет алса, бүлік өзіне баурап алады. Кімде-кім паналайтын жер тапса, сол жерді паналасын да, бүлікке қатыспасын» - деген.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: