«Ең әдемі түйе» конкурсы өтеді

«Ең әдемі түйе» конкурсы өтеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясында түйелер арасындағы әсемдік сайысы өтеді.

Айрықша шара эр-Рияд қаласында халықаралық түйе жәрмеңкесі аясында 19 наурызға жоспарланған.

Аталмыш конкурсқа Таяу Шығыс елдері бойынша 15 мыңнан аса түйе қатысады. Ай бойы өткізілетін жәрмеңке араб жарты түбегіндегі халықтың мәдениеті мен дәстүріне арналған фестивальдың бір бөлігі саналады. Жәрмеңкені король Салман бен Әбдел Әзиз атындағы зерттеу қоры ұйымдастырады.

Айта кету керек, ең әдемі түйелерді таңдау дәстүрі Таяу Шығыста ондаған жылдардар бері өткізіліп келеді. Алайда, мұндай шаралар жазық далада өткен. Ал салтанатты түрде қолға алынған биылғы конкурс тұңғыш рет тарихи шара ретінде қалады. 


Пайғамбарымыз (с.а.у) былай дейді: «Бұрын-соңды көрмегендозақтық екі топ бар. Бірі – сиырдың құйрығына ұқсаған қамшымен адамдарды сабайтын топ. Екіншісі – үстерінде киімдері бар, бірақ жалаңаш, күнәға бейім, өзгелерді де күнәға шақыратын, бастары түйенің салбыраңқы өркешіне ұқсаған әйелдер. Міне, осы әйелдер жәннатқа кірмейді. Тіпті, мынанша ұзақтықтан сезілетін жәннәттің иісін де иіскемейді». (Муслим)

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: