Архиепископ: «Бәріміз 10 жылдан соң мұсылман боламыз»

Архиепископ: «Бәріміз 10 жылдан соң мұсылман боламыз»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Италия архиепископы Еуропа елдеріне ауқымды көлемде босқындардың ағылуы ай санап мұсылмандардың көбейуіне алып келетінін мәлімдеді, деп жазады The Express.

«Он жылдан соң барлығымыз да мұсылманға айналамыз. Қазіргі кезде Италия мен Еуропа атеизмге қатты бет бұрып кетті. Ал ар-ұят, әдеп заңдарын ислам дінінен үйренуге тура келеді» дейді архиепископ Карло Либерати.

Оның айтуынша, еуропалықтардың христиандық сенімі әлсіз күйде. Шіркеулер тиімді жұмыс жүргізбейді, семинарларға халық жиылмайды, деп санайды католик басшысы.

«Оның үстіне олардың отбасында балалар саны көп. Бізде керісінше» деп, ерхиепископ мұсылман және христиан отбасындағы туу көрсеткішіне де назар аударды. Католик басшысы Карло Либерати Еуропаға дәл қазіргі сәтте «шынайы христиандық өмір» қажеттігін, басқа жағдайда кәрі құрлықта ислам діні кең қанат жаятынын жеткізді.

e-islam.kz


"Ниса" сүресінің 134-ші аяты:

مَّن كَانَ يُرِيدُ ثَوَابَ الدُّنْيَا فَعِندَ اللّهِ ثَوَابُ الدُّنْيَا وَالآخِرَةِ وَكَانَ اللّهُ سَمِيعًا بَصِيرًا ﴿۱۳۴﴾

"Кім дүние игілігін тілесе, дүниенің де, ақыреттің де игіліктері Алланың қасында. Алла – бәрін естуші, аса көреген. (134)"

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: