#Байзақ: МӘДІМАР АУЫЛЫ АЛЛАДАН ЖАҢБЫР ТІЛЕДІ

#Байзақ: МӘДІМАР АУЫЛЫ АЛЛАДАН ЖАҢБЫР ТІЛЕДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Жамбыл облысы Байзақ ауданы Мәдімар ауылдық «Мәдімар» мешітінің имамы Жақсылық Рахметовтың ұйымдастыруымен ауыл сыртында тасаттық намазы оқылды. Айтулы шараға Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы және наиб имам Бақытбек Бауыржанұлы қатысты.

         Қанат Әділханұлы насихатында: «Тасаттықта көпшілік қауым болып жиналып, құрбандық шалып, сауабын әруақтарға бағыштап, Құран оқылып, Алладан жаңбыр жаууын тілеп ниет қылады. Тасаттыққа жиналған қауым діни рәсімдерді атқарумен қатар, көпшілікке арнап дәм беруге болады.  «Тасаттық» сөзі араб тілінің «тасаддуқ», яғни, «садақа беру» және «құрбандық» деген мағынаны білдіреді», - деді.

         Аудан имамы мен ауыл имамы жамағатпен бірлесіп «жаңбыр тілеу» (истисқа) намазын оқып, ақсақалдар елдің амандығы үшін дұға жасап, Жаратқаннан жауын тіледі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: