#Меркі ауданы: Қостоған ауылында асарлатып үй берілді

#Меркі ауданы: Қостоған ауылында асарлатып үй берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Халқымызда “Асар” деген ізгі дәстүр бар. Оның түпкі мақсаты – қоғамдағы қорғаусыз қалған азаматтарға ауыл-аймақ, ағайын болып, асарлатып үй салып беру. Осынау ізгі дәстүр соңғы жылдары аймақ бойынша қайта қолға алынып, дәстүр елі ішінде жаңғырып келеді.

Осы орайда, бүгін Қостоған ауылында ауыл тұрғындарының ауызбіршілігімен асар көмегімен сатып алынған үй өз иесіне салтанатты түрде табысталды.

Осындай қайырымды шараның жалғасуына ниет білдіріп Құран бағышталып, дұға жасалып, ас берілді. Ауыл имамы Омаралиев Қуанышбай жаңа қоныс иелерін құттықтап, мешіт атынан кір жуғыш машинасын сыйлады. Үйлі болған отбасы осы игілікті іс-шараға атсалысқан барша жандарға алғыстарын білдірді.

Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: