Аятул Күрсінің қасиеттілігі (жалғасы бар)

Аятул Күрсінің қасиеттілігі (жалғасы бар)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әбу Һурайра (р.а.): «Бақара сүресінде Құран аяттарының мырзасы бар, ол аят үйде оқылса, шайтан шығып кетеді. Бұл – Аятул Күрсі», – деген.

Әбу Хурайра (р.а.) тағы да: «Әр нәрсенің шыңы бар. Құранның шыңы Бақара сүресі. Бұл сүреде Құран аяттарының мырзасы Аятул Күрсі бар», - деген хадис жеткізген.

Аятул Күрсіде Алла Тағаланың Ұлық есімдері аталады. Әсма бинт Язид бин Сакан (р.а.): «Мен Алла Елшісінің (ﷺ) «Аятул Күрсі» және «Әли Ғимран» аяттары жайлы: «Расында бұл екі аятта Алла Тағаланың Ұлық есімі бар»,-деген сөзін естідім», - деп баяндайды.

Ал, Әбу Умамат (р.а.): «Алла Тағаланың дұғаға қосып айтса, тілек қабыл болатын Ұлық есімі үш сүреде: Бақара, Әли Ғимран және Таһа сүресінде», - деген. Жаратушы Хақтың бұл Ұлық есімдері Һашим (р.а.) былай жеткізеді: «Бақарада – «Алла Тағала, Одан басқа еш тәңір жоқ...», Әли Ғимранда – «Әлиф Ләм Мим. Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеруші» және Таһада – «Тірі, меңгеруші (Аллаға) бастар иіледі...».

Әбу Умамат (р.а.): «Кімде-кім бес уақыт намаздың соңынан Аятул Күрсіні оқыса, оның Жәннатқа кіруіне тек өлім ғана кедергі болады», - деген риуаят жеткізеді.

Бұл аят дербес он сөйлемнен тұрады.

1. «Алла тағала, Одан басқа еш тәңір жоқ»

Ол барлық тіршілік пен мақлұқаттың Жаратушысы және құлшылық етуге лайықты Жалғыз Алла.

2. «Ол тірі, толық меңгеріп тұрушы»

Алла Тағаланың сипаттарының бірі – Хай (Тірі). Алла Тағаланың бұл сипатының бастауы мен соңы жоқ. Қалған жаратылыстың тіршілігі жоқтан бар болу және қайта өлуді білдіреді. Алла Тағала – Қаюм (Толық меңгеруші). Қаюм – жаратылыстың барлығын көріп тұрады, ешбір нәрсе Оның бақылауынан тасада қалмайды.

3. «Ол қалғымайды да ұйықтамайды»

Ал, қалғымайды және ұйықтамайды деген сөздер Алла Тағаланың меңгеруінің кемелдігін көрсетеді.

Ибн Аббас (р.а.) Исраил қауымы пайғамбарынан: «Уа, Мұса! Сенің Раббың ұйықтайды ма?» – деп сұрайды. Мұса (ғ.с.): «Алладан қорқыңдар (бұлай айтуға қалайша дәттерің барады?!)», – дейді. Сонда Алла Тағала үн қатып: «Уа, Мұса! Сенен «Раббың ұйықтайды ма?» деп сұрауда. Сен түнде қолына екі шыныны алып ұйықтамай тұр», – деді. Пайғамбар (ғ.с.) әмірді орындауға кіріседі. Түннің үштен бірі өткенде қалғи бастады да тізерлеп отырды. Қолындағы шыныларды құлатып алудан қауіптенген ол бұрынғыдан да қаттырақ қыса түсті. Дегенмен таңға таяу қалғып кетіп, шыныларды құлатып алады. Сонда Алла Тағала: «Уа, Мұса! Егер Мен ұйықтасам аспандар мен жер құлап, қолыңдағы сынған шыныдай құрдымға кетер еді», - деген екен.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: