Ұлы махаббат

Ұлы махаббат

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ғиса пайғамбар (ғ.с.) жолшыбай келе жатып, бір мекеннің тұсынан бақшасын суғарып жүрген жігітті кезіктіреді. Жас жігіт: «Дұға етіңізші, Раббым өзіндегі махаббатынан бір ұшқынын маған нәсіп етсінші?» – деп өтінеді. Ғиса (ғ.с.): «Сен оған шыдай алмайсың», – дейді. Жас жігіт: «Онда соның жартысындайын-ақ нәсіп етсінші», – деп қиылады. Ғиса пайғамбар (ғ.с.) қолын жайып: «Уа, Жаратушы ием! Мына жігітке өз махаббатыңнан бір ұшқынының жартысын нәсіп етші», – деп дұға жасап, сапарын жалғастырып кете барады.

Арада біршама уақыт өтіп, Ғисаның (ғ.с.) жолы әлгі жігіт мекен ететін ауылға түседі. Жігіттің жайын сұрастырғанда, ел: «Ол жынданып, тау-тас кезіп кетті», – деседі. Ғиса пайғамбар (ғ.с.) дұға жасап, оны өзіне көрсетуін сұрайды. Лезде дұғасы қабыл болып, жігіттің бір тауда жартастың үстіне шығып алып, басын тік көтеріп, көз алмай аспанға қарап тұрғанын көреді. Ғиса (ғ.с.) оған сәлем береді. Жігіт ештеңе естімегендей қалып танытады. «Мен Ғисамын ғой» деп жігіттің назарын аудармақ болғанда, сол жерде Жаратушыдан мынадай уахи келеді: «Әй, Ғиса! Жүрегінде мендегі махаббаттың бір ұшқынына да жетпейтін махаббат бар құлым адам баласының сөзін қайдан естісін? Құдіретіммен ант етейін, сен оны арамен екіге бөліп тастасаң да, ол ешқандай ауырсынуды сезбейді!»  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: