#Шу: Қайырымдылық жасау – қанымызда бар қасиет

#Шу: Қайырымдылық жасау – қанымызда бар қасиет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қайыр қылсаң, қайырымын өзің көресің, - деген аталы сөзді мұрат тұтқан шағын кәсіпкер бауырымыз жақсылықты өзіне әдет қылды. Пайғамбарымыз: "Алла тағала кіші де болсын бір жаманшылықты  әдет қылған пендесін жек көреді, ал қандай болсын бір  жақсылықты әдет қылған пендесін ерекше жақсы көреді, басқа амалдары болмаса да" деген екен. Міне осындай жаны жомарт жанның демеушілігімен "Жиенбет Жексенбай" мешітінің имамы Шүкірәлі Бердібеков 7 отбасыға азық-түлік жеткізді. 

Сонымен қатар мешіт молдасы Қыдырбек Сисеновтың ұйытқы болуымен Жайсан ауылы "Жаңабай баба" мешітінде көмек сұрап келген  1 отбасыға 10 000 теңге көлемінде қаржылай көмек табысталды.

Көмек алғандар мешіт имамына алғысын айтып, демеушілер үшін дұға жасады. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: