#Тараз: 1 сатыға жаңа 45 шәкірт қабылданды

#Тараз: 1 сатыға жаңа 45 шәкірт қабылданды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құранның бірнеше аяттарында білім мен білім алудың артықшылығы баян етілген. Тіпті Құранның ең алғашқы аятының өзі «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы!», - деп адамды оқуға, білім алуға ынталандырады. Ғалымдар осы аятқа берген түсіндірмеде, бұл жердегі «Оқы!» бұйрығы, мұсылман үмбеті үшін адамға пайдалы болған барлық ілім саласын қамтиды деген.

Дін білімін үйретіп, жамағаттың сауатын арттырып жүрген "Кеңесхан қажы" мешітінде Әйелдер діни сауат ашу курсының шәкірттері емтихан тапсырды. 1 сатыда 45 шәкірт білім алған болатын. Бүгінде осы топ бойынша 28 қыз сынақ тапсырып, келесі 2 сатыға өтті. Ал 1 саты деңгейіне жаңадан 45 қыз-келіншек қабылданды. 

Жамағатқа Зейнеп Жәдігерқызы Құран, Құран әліппесі, ақида, фиқһ, пайғамбарлар тарихы, сира, әдеп пәндері бойынша дәріс жүргізеді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: