#Жамбыл: «Зияткер имам» атты семинар-тренинг жасалды

#Жамбыл: «Зияткер имам» атты семинар-тренинг жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы ауыл имамдарына арнап «зияткер имам» атты семинар-тренинг өткізді.

«Зияткер  имам»  тұжырымдамасы  –  Қазақстан  мұсылмандары  діни  басқармасына  (бұдан  әрі  –  ҚМДБ)  қарасты  мешіттерде қызмет ететін имамдардың білімі мен біліктілігіне  сәйкес  жоғары  санатқа  іріктеу  үшін  дін  қызметкеріне   қойылатын   талаптарды   қамтитын   әдістемелік құжат.

Аудан имамы семинарда ауыл имамдарына тұжырымдаманың маңыздылығын түсіндіре келіп, қазіргі  таңда  дін  қызметкерлеріне  қойылатын  міндеттер уақыт пен заман талабына сәйкес күшеюде. Осыған орай дін қызметкерінің кәсіби шеберлігін дамыту, біліктілігін арттыру басты мақсаттың бірі екендігін баса айтты.

 Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: