#Меркі: Ауданға қарасты бірнеше ауылдарда тасаттық берілді

#Меркі: Ауданға қарасты бірнеше ауылдарда тасаттық берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданына қарасты елді-мекендерде жаңбыр тілеп истисқа намазы оқылды.

Аспара ауылына арнайы іс-сапармен келген аудан имамы Азамат Берікұлы жиылған жамағатқа тасаттық беру, күнәларға тәубе етіп, кешірім сұрау Алланың рақымына жол ашатын ең ұлы амал екенін атап өтті. Одан кейін жамағатпен бірге екі бас намаз оқылып, Алладан жаңбыр тілеп, дұға жасалды. Алла разылығы үшін бір бұқа құрбандыққа шалынып, мұқтаждарға таратылып, еліміз бен жеріміздің тыныштығы үшін бата жасалды.

Айта кетейік, Т.Рысқұлов, Мыңқазан және Тәтті ауылдарында да тасаттық беріліп, жиналған жұртқа ақ дастархан жайылды.

Алла Тағала дұға-тілектерімізді қабыл еткей!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: