#Меркі ауданы: Өткенге құрмет – елге құрмет

#Меркі ауданы: Өткенге құрмет – елге құрмет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ежелден келе жатқан дәстүрге сай үлкенді сыйлап, кішіге ізет, өткенге құрмет көрсетіп келген халықпыз. 

Меркі ауданы, Қызылсай ауылы тұрғындары ауылдық қабір басына тазалық жұмыстарын жүргізді. Барша халық бір кісідей атсалысып зират басын тазалап, ағаштар отырғызылып, сенбілік өткізілді. Бұған мешіт жамағаты, ауыл адамдары белсене атсалысты.

Осыған орай, Меркі аудандық орталық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы ауылға барып, тұрғындармен кездесіп, халыққа қабір айналасын тазалауға, түзетуге рұқсат екенін, ал оны жаңалауға, бояуға немесе өзгертіп жаңасын қоюға тыйым салынғандығын  айтып, мұсылман қабірінің тәртібімен таныстырды.

Қабір басын тазалаған соң дастархан жайылып, ауданбас имамы марқұмдарға Құран оқып, дұға жасады.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: