#Байзақ: БАТА БЕРУ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

#Байзақ: БАТА БЕРУ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде қадір түні қариялар мен жастар арасында бата беру жарысы өтті. Жарыста «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы және «Байзақ баба» мешітінің азаншысы Сағымбаев Бақытбек әділ қазылығын жасап, төрелік етті.

Бірінен бірі озып, бата беріп, жарысқа қатысушылардың арасынан кіл мықтыларды іріктеу әділ қазыларға оңайға соқпады.

Қанат Әділханұлы: «Бүгін біз сіздермен қадір түнін пайдаланып бата беру жарысын өткізіп отырмыз. Мақсатымыз қазірден бастап, келешектің батагөйлерін қалыптастыруға үлес қосу.

 Додаға түскен 13 жарыскердің ішінен оқ бойы оза шапқан Сұлтанов Жаңабай ағамыз бас жүлдені қанжығасына байлады. ІІ орынды Қожамұратов Исламаддин алса, ІІІ орынға Баймұқанов Наурыз жайғасты.

Орын алғандарға қаржылай сый-сыяпат көрсетілсе, қалған қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.

Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: