#Жамбыл: Аудан имамы жастармен кездесті

#Жамбыл: Аудан имамы жастармен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Жастар орталығында ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы қасиетті Рамазан айында жастармен кездесті.

Келелі кездесуде аудан имамы жастарға оразаның мән мағынасы, дін мен дәстүр, сонымен қатар, үлкенді сыйлау жөнінде кеңінен насихат айтты.

Дөңгелек үстел түрінде өткізілген шарада жастар көкейлерінде жүрген сауалдарға жауап алды. Кездесуге арнайы келген ауданның бас имамына жастар ұжымы өз алғыстарын білдірді.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: