#Тараз: Рамазанның құрметіне 100 отбасыға қайырымдылық жасалды

#Тараз: Рамазанның құрметіне 100 отбасыға қайырымдылық жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы «Әл Хафиз» мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық іс-шарасы өтті. Мешіт атынан қасиетті Рамазан айына орай 100 адамға азық-түлікпен көмек берілді.

Кәсіпкерлер және мешіт жанашырларының атсалысуымен жасалған игі науқанға 1 200 000 теңге көлемінде қаражат жұмсалды. Қайырымдылық жасасаң қайырымын өзің көресің демекші, осы шараға атсалысқан барша адамға мешіт имамы Қаныбек Бүйребаев алғысын білдіріп, келуші мұқтаж жандарға Алланың мейірімі турасында уағыз-насихатын айтты.

Алла Тағала қасиетті Құранның Сәбә сүресінде: «Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла тағала міндетті түрде оның орнын толтырады» - деп келтіреді. Қасиетті Рамазан айында садақа беріп, қайырымдылық жасау ең сауапты да, қайырлы істердің бірі болып саналады, сол себіпті қасиетті айда жасаған қайырымдылық және ізгі амалдарымызды Алла Тағала қабыл етсін.

Тараз қалалық "Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: