Қыстан қымтырылып, аман-есен көктемнің лебі көрінді... Осы арада жеріміз құрғақшылықтың алдында тұрғанын байқаған ауыл ел болып, ізгі дұғамен Алладан сұрап қазақы дәстүрмен тасаттық береді.
Дінімізге ұласқан осы дәстүр Шоқпар ауылында жасалып, "Шоқпар 2" мешіттің молдасы Данияр Табаевтың бастамасымен тасаттық берілді.
Құрбандыққа мал сойылып, еті 7 мұқтаж отбасыға таратылды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі