#Меркі ауданы: Рамазан айына дайындық

#Меркі ауданы: Рамазан айына дайындық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының тапсырмасымен ауданға қарасты имам-молдалардың жиналысы өтті.

Жиында қасиетті Рамазан айында атқарылу керек болған тапсырмалар талқыланды. Ауданға қарасты 27 мешіттің тарауық намазын өткізу, ауызашарлар ұйымдастыру, мешіттің ішкі және сыртқы тазалығы сөз болды. Мешітке келуші жамағатқа көркем мінезділікпен қарым-қатынас жасау, оларға Ислам діні туралы дұрыс бағыт-бағдар беру және облыстан келген тапсырмалар жүктелді.

Жиын соңында еліміз, жеріміз үшін дұға жасалды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: