#Жамбыл: Дін және дәстүр: «Қош келдің, Рамазан»

#Жамбыл: Дін және дәстүр: «Қош келдің, Рамазан»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешіті мен аудандық «Мәдениет» үйінің ұйымдастыруымен «Қош келдің, Рамазан» атты шара аясында дін және дәстүр насихатталды. Іс-шараға  арнайы Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев және аудан, ауыл имамдары қатысты.

Келелі кездесуде, қазақтың ұлттық ойындары: асық атудан, арқан тартудан, ләңгі ойынынан сайыстар өткізілді. Жүлделі орын алғандарға, арнайы «Қош келдің, Рамазан» атты қорапшадағы сыйлықтар табысталды.

Дін мен дәстүрдің қоғамдағы алатын орны жоғары, ұлттық құндылықтар дұрыс қалыптасу үшін де атқарар маңызы өте зор. Дін – адамдық ізгі қасиеттерімізді асқақтатса, салт-дәстүр – ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: