#Меркі ауданы: «Әл-Кәрім» мешітіне жаңа имам тағайындалды

#Меркі ауданы: «Әл-Кәрім» мешітіне жаңа имам тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бұйрығымен Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылы «Әл-Кәрім» мешітіне жаңа имам тағайындалды.

Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы ауыл тұрғындарымен кездесіп жаңа имаммен таныстырып, халықты имандылыққа шақырды. Ауыл тұрғындарын әрдайым имамның жанынан табылып, көмек қолдарын созып, имамға демеу болуға үндеді.

Кездесу барысында, ауыл тұрғындары ұсыныстары мен сұрақтарын қойып, көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды.

Кездесу соңында, имамға адалдық, абырой-бедел тілеп, елімізге, жерімізге дұға жасалды.

Айта кетейік, Есбол  Алпысбаев 2016 жылдан бастап, осыған дейін Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінде ұстаздық қызмет атқарып келген.

Мерк іаудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: