ЖАРАТЫЛЫС ТУРАЛЫ ОЙ ЖҮГІРТУ

ЖАРАТЫЛЫС ТУРАЛЫ ОЙ ЖҮГІРТУ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла тағалаға мақтаулар мен мадақтар болсын. Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың игілігі және сәлемі болсын.

Біз өмір сүріп жүрген әлем Алланың жаратқан жаратылысы екендігі белгілі. Күнделікті көз алдымызда көрініп жүрген аспан мен жердің арасы, көктегі күн мен айдың алмасуы біздер үшін қалыпты бір көріністерге айналғандығы жасырын емес. Осы жаратылыстарды жаратудағы мақсат не?  Әрине осы сұрақ әр-бірімізді ойландыруы қажет.

Алла Тағала қасиетті құранда: «Олар тікесінен тік тұрып та, отырып та, бір бүйірлеп жантайып жатып та үнемі Алланы еске алады һәм күллі аспан әлемі мен жердің жаратылысына терең ой жүгіртіп: «уа, раббымыз! Сен мұны бекерге, мақсатсыз жаратпадың. Сен мақсатсыз мәнсіз іс істеуден аулақсың! Бізді тозақ отынан сақтай көр!»» (Әли имран сүресә 191 аят) – деп баяндайды. Бұл аяттан түсінгеніміз жаратылыстарға ой жүгірту арқылы Алланың ұлылығымен танысып, сиынуға тек бір Алла ғана лайықты екендігін, әрі жәрдемші тек ол ғана болатындығын аңғаруғу болады.  

Алла елшісі (с.а.с) бір күні ойға батып отырған кісілерді кезіктіріп қалып, олардан: «Неге сөйлемейсіңдер?» - деп сұрайды. Әлгілер оған: «Алланың жаратқан нәрселері туралы ой жүгіртіп жатырмыз,» - деп жауап береді. Бұл жауапты естіген Пайғамбарымыз (с.а.с): «Міне, солай жасаңдар. Алланың өзі жөнінде емес, жаратқан нәрселері туралы ой жүгіртіңдер», - деген. Ал Хасан Басри былай деген: «Бір сағаттық ой жүрірту түні бойы жасалған ғибадаттан жақсырақ», - деп айтқан.

Алла Тағаланың жаратқан мақұлұқтары өте көп екендігі белгілі. Осы жаратылыс мақұлұқтардың ішінде тек адамға ғана ойлау ақыл нығыметін берген екен. Сол себепті әрбір адам айналасындағы жаратылысты көрген кезде Алланың  ұлылығын есіне алып, құдыретіне бас иуі қажет.

 Рысбай  Еспенбетов 

Мойынқұм ауданының бас имамы

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: