Қайғының бастауы – арақ

Қайғының бастауы – арақ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алкогольді ішімдікті алғаш рет 10 мың жыл бұрын Месопотамиялықтар жасай бастаған. Месопотомиялықтар нан жасау үшін арпаны суға жібіту арқылы ойламаған жерден алғашқы рет сыр жасау тәсілін игерді. Тарихи деректерді қарайтын болсақ, 5 мың жыл бұрын қазіргі батыс Иран мен Анадолы аймағын мекендеген Сумерлерде шарап пен сыраны қолданғаны белгілі. Ежелгі дәуірде спирттік ішімдікті ашытылған жемістер мен дәнді-дақылдардан жасаған. Ал қазіргі қолданыстағы спирттік өнімдер синтетикалық түрге бөлініп жасалады, адам ағзасына өте зиянды заттардан құралады.

Алкоголь арабтың «Аль-кухуль» сүрме деген сөзінен шыққан. Спирттік ішімдік бұл – қоғамға да және әлеуметтік індеттері өте жаман.  Ислам адамзатты зұлымдықтан, адасудан және барлық  жаман аталудан сақтайды. Адам баласын ислам  есін аударатын, ақылынан ажырайтын ішімдіктерге тиым салады. Қасиетті Құран аятында «Майда» сүресі 90-92 аяттарында Алла Тағала айтады: «Уа, иман келтіргендер! Шындығында арақ, құмар ойын, пұттар, көріпкелдік жасайтын жебелер – шайтанның істерінен. Сондықтанда олардан қатты сақтаныңдар, сонда құтыласыңдар! Шындығында шайтан арақ пен құмар ойындпр арқылы седердің араларыңда от салып, дұшпандық пен жеккөрушілікті орнатуды, сендерді Алланың зікірінен, намаздан алыстадуды қалайды, сонда да тоқтатпайсыңдар ма?! Аллаға мойынсұныңдар әрі Оның елшісіне мойынсұныңдар, сақтаныңдар! Ал егер кері кетсеңдер, біліңдер, Елшіміздің бар міндеті анық жеткізу ғана» - деп айтқан. Ибн Аббас жоғарыдағы «арақ»сөзін адам баласын мас қылатын барлық ішімдік түріне қолданған. Арақты яғни ішімдіктерді жүйелі түрде пайдалану  бұл денсулықты ауруға алып келеді.  Бауырдың, жүректің, жүйке жүйесінің зақымдануына алып келеді, 70 пайызы осы арақтың кесірінен жыныстық қатынас арқылы жұғады. Арақтың әсерінен бедеулік қаупі пайда болады және ұрпақ бітімі мен ойлау қаблеті жетілмейді  Ибн Омар (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисте Алланың елшісі (с.ғ.с) «Арақ он түрлі қырынан қарғысқа ұшырады: арақтың өзі, оны ішуші мен құйып беруші,сатушы мен сатып алушы, дайындаушы мен дайындатушы, әкелуші мен әкелдіруші және арақтан түскен пайданы жеуші», - деген (имам Әбу Дәуід, Ахмад).

Арақ – адамның иманына ғана емес, адамдық болысымызға қайшы, жаман іс. Қазақ халқымыз: «Арақпен достастым дегенше, адамгершілікпен қоштастым де», деп бекер айтпаған.  Арақ адамды абройынан жұрдай қылып, берекені кетіріп, құлшылығымыздың қабыл болуын кедергі келтіреді. Отбасындағы зорлық-зомбылық осы арақтың кесірінен үштен екісі және балалардағы қатыгездіктің үштен бірі әке-шешелерінің маскұнемдігінен байқалады. Қайғылы оқиғалардың адам өлтірудің және өзіне қол жұмсаудың 50 пайызы арақ ішумен байланысты. Орыстың ұлы жазушысы Л.Н. Толстой арақ туралы былай жазған: «Арақ – адам есін жояды, ұятын қашырады, арамдыққа және қылмысқа итермелейді». Бүгінгі таңда тәуелсіз қазақ елінде арақ індетінің тамыры тереңдеп  бара жатқаны өзекті өртейді. Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Барлық мас қылушы-арақ һәм барлық мас қылатын нәрсе харам»,- деп айтқан. Қордай ауданың ардагер ұстазы Байжігітов Бақыт өз өленің шумағында былай деген:

Халқым менің қайдасың,

 Білмей өстік пайдасын.

 Ұлтың сенің алты Алаш,

 Шежіренің пайдасын.

Ата салтың құнды ғой,

 Бүгінгі таң шындық ой.

Исламды көтерсек,

Имандылық келер бой.

Белдеусіз боп үйіміз,

Белдеусіз көп биіміз.

Ақыл айтар ағалар,

 Ойландырды күйіміз.

Арақ ішкен аталар,

Арақ ішкен апалар.

Сіңіп кетті бойларың,

 Ойлан бүгін ағалар.

Той жасайсың арақпен,

Ас бересің шараппен. 

Қай бабаңның салты еді,

 Шомылдырған арақпен.

Балаң жатыр бойсынбай,

Үлкен ішсе қойсынбай.

Қайда ұрпақ қарайды,

Ойланшы халқым осынай.

Айттым жүрек сырымды,

Ұқтырам халқым сынымды.

Ақыр заман болғанда,

 Алла айтқызар шыныңды.

Қазақ даналығында айтады: «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дегендей  салауаты өмір сүріп болашақ ұрпағымызды сақтап, имани тәрбие берсек Алланың аманатын ұмытпайды.

Алла Тағала біздіде, ұрпғымызды да жаман аталудан алыс еткей!

Саламат САЛИМҰЛЫ,

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Әлжан ана ауылы

«Құдайберген» мешітінің имамы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз:

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active