Қош келдің, мүбәрак Мәуліт айы!

Қош келдің, мүбәрак Мәуліт айы!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адамзаттың асыл тәжі болған ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған айы – Мәуліт айы да келіп жетті. Бұл айда мешіттерімізде Аллаға мадақ, Алла Елшісіне салауат айтылып, халық амандығы үшін дұғалар жасалуда. Мәуліт арабша «туылу», «туылған уақыты» деген мағыналарды білдіреді. Қиямет күнгі шапағатшымыз, адамзаттың ұлығы болған сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дара жолын халқымызға насихаттап, Мәуліт мерекетін атап өту дәстүрге айналғаны белгілі. Алла Тағала Құранда:

 النَّبِي أَوْلَى بِالْمُؤمِنِينَ مِنْ أَنْفُسِهِمْ...

«Пайғамбар, мүміндерге өздерінен артық»,[2] – деп, Пайғамбарды ﷺ  өзімізден де артық жақсы көру керектігін білдірді. 

Қадірменді бауырлар!

Мұсылмандардың өміріндегі басты идеал болуы тиіс пайғамбардың (с.ғ.с.) өнегелі өмірі мен өсиетін, тығылымы толассыз ғибратты ғұмырын халқымызға насихаттау – баршаға ортақ игі іс. Бұл дінімізді насихаттаудың, жас ұрпақты имандылыққа, жақсы мінез-құлыққа шақырудың орайлы бір сәті.
Берекесі мол мәуліт мерекесі біздің халқымызға да құтты болсын. Осынау айтулы мейрамда Алла Елшісінің (с.ғ.с.) сүннетіне көбірек амал етіп,  өсиеттерін тереңірек түсінуді нәсіп етсін. Бұл айда адамдар арасында татулық, мейірім, ынтымақ арта түссін.

Мәуліт айында Аллаға мадақ айтып, ардақты Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтып, садақа беріп, жақсылық жасаудың сауабы теңдессіз. Сондықтан уақытымызды босқа өткізбей Құран оқып, Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өмірі мен өнегесі жайлы кітап оқып ғибрат алайық.

Алла Тағала халқымызға, елімізге, жерімізге нұрын жаудырып, отбасымызға береке, молшылық, жүрегімізге иман, болашағымызға жаннатты нәсіп еткей! Жақсылықта жарысып, ел игілігі үшін сауапты істерде, Раббымыздың кешірімі жауған басқосуларда жолықтырғай! Алланың әміріне мойын ұсынушы тақуа құлдардан болып, дұғамыз қабыл болғай! 

Бейбіт МЫРЗАГЕЛДИЕВ

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: