Хижабтағы қыз-келіншектердің өздерін ұстау әдебі

Хижабтағы қыз-келіншектердің өздерін ұстау әдебі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әдеп пен сыпайылық, ұят, ұялу — нәзік жандарды құндырақ ететін әшекейлер. «Танбихул-Мугтаррин» кітабында былай айтылады: «Әйелдің құндылығы оның сыпайылығына байланысты бағаланады».

Әйелдің сыпайылығы қаншалықты дамыған болса, ол соншалықты Алланың мейірімінде болады.

Сондай-ақ, Ибн Хаджар әл-Аскалани өз шығармасында былай айтқан:

«Еркектін сыпайылығы — мақтаулы нәрсе, бірақ әйелдің сыпайылығы одан жоғары», «Алла сыпайылықтан жұрдай әйелдерге қаһарлы».

Ұят сөзі өмір сөзінен шыққан, бұл сыпайылығы жоқ әйелдің шынайы өмірі жоқ дегенді білдіреді.

Егер әйел себепсіз далаға шықпаса, көшеде қатты дауыстап сөйлемесе, махрам еместермен сауда-саттық жасаудан қашуға тырысса, әлдебір жағдайларда бөтен еркектің көзіне қарамаса, неке үшін жас жігітпен танысқанда қызарса — мұның бәрі сыпайылықтың жемісі. Мұндай әйел сөгіс естуден, қорланудан, кедейшілік пен еріксіз болудан сақталады.

Егер әйел ұятынан айырылса, онда ол күнә мен азғындық жолына түсіп, өзіне қорлану есіктерін ашатынын ұмытпау қажет.

Енді «Араф» сүресінің келесі аятына көңіл бөлейікші:

«Әй адам баласы! Ұятты жерлеріңді жабу үшін киім және сәндік-бұйым түсірдік. Негізінде тақуалық киімі жақсы. Солар Алланың белгілері. Әрине түсінерсіңдер» (7:26).

Мабуд-Джухайд аталмыш аяттағы "киім" сөзін «ұят пен әдеп» деп түсіндірген. Нәзік жандар хижабпен бірге тақуалық, инабаттылық пен ұят жамылғысын қоса киеді, осылайша, ол шайтанның қулығы мен торынан құтыла алады.

Бүгінгі күнде хижаб киетін әйелдердің, жамылғысыз жүретін әйелдерден еш айырмашылығы жоқ екенін көріп жүреміз.

Әбу Хайян «Ахзаб» сүресінің 59-шы аятында тасаттурсыз-жамылғысыз әйелдер өздеріне көп көңіл бөлдіреді деп түсіндірген. Осыдан мынадай сұрақ туындайды «Неліктен хижабсыз әйел хижабтағы әйелге қарағанда өзіне көп көңіл аудартады?» Жауаптың өзі сұрақта тұр: яғни, ол Жаратушы талап еткендей жабылуға тырыспайды, өзіне қалай ыңғайлы болса, солай жабылуға көп себептер табуға тырысады.

Әрбір хижабтағы қыз-келіншектер өзінің бейнесімен, түр-тұлғасымен өз қол жетпестігін көрсетуі керек, бірақ оның мінез-құлығы, көзқарасы, ашық жүрген шашы, биік өкшелі аяқ киімі - қарама-қайшы нәрселерді көрсетеді.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) былай айтқан: «Әйел - әурет. Ол далаға шыққанда, шайтан оның көмегімен басқаларды ақиқат жолдан тайдыру мүмкіндігін іздейді» (Тирмизи).

Басқаша айтсақ, хижабтағы әйел, сондай-ақ, сыпайылықты жамылғы етуі керек.

Әйелдің екі жамылғысы бар: біріншісі — оның үйі, екіншісі — кең жамылғысы (оның киімі).

«Үйлеріңде отырыңдар, кәдімгі надандық дәуірінше ашылмаңдар. Сондай-ақ намазды орындап, зекет беріп, Аллаға, Пайғамбарына бағыныңдар. Әй Пайғамбардың үй-іші! Шын мәнінде Алла сендерден арамдықты аулақ қылып, өздеріңді тап-таза қылуды қалайды » (33:33).

Ибн әл-Джазви муфассирлердің бұл аятты әйелдерге үйде отыру бұйырылғандығын түсіндірген деп айтқан. Бұл бұйрық бөтен еркектердің көзіне көп түсе бермеу дегенді білдіреді.

Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан:

«Әйел үшін қажетінсіз көшеге шықпаудан артық игілік жоқ" (Табарани).

Төменде келтірілген нақыл сөздерге көңіл қойыңыздар:

«Әйел үшін Аллаға ең жақын орын — оның үйіндегі ең оқшау жер» (Рамуд әл-Хадис).

«Әйел үйден шыққанда, шайтан оның соңынан еріп жүреді» (Тирмизи).

«Әйел үшін он әурет бар. Бір әуретін тұрмысқа шыққанда күйеуі жабады, қалғанын ол өлген соң қабірі жабады» (Ихья улюм ад-дин).

«Күйеуі жоқта өз тазалығын сақтап, сәнденбей үйде отыратын, барға қанағат етіп әрі намаздарын оқитын әйел Жұмақ бақтарында ерікті болады» (Китабуль-гайя уа-н-нихайя).

«Әйел – ошақ сақтаушысы. Бүлік тудырмас үшін, оған қажет болған кезде ғана көшеге шығуы керек» (ат-Тадж).

Риуаяттардың бірінде келтірілгендей, Алла Елшісінің (ﷺ) бір сахабасы шайқасқа кетіп бара жатып әйеліне өзі үйге оралмағанша, оның үйден шықпауын ескерткен екен.

Әлгі сахаба шайқасқа аттанғанда, әйелінің әкесі ауырып қалады. Әйел Пайғамбарымызға (ﷺ) әкесінің сырқаты туралы хабар жіберіп, оны көріп қайтуға рұқсат сұраған екен. Онысына Алла Елшісі (ﷺ): «Алладан қорық та күйеуіңе бойұсын», - деп жауап береді.

Келесі жолы әйел әкесінің өлім аузында жатқанын айтып, онымен қоштасуға рұқсат сұрап хабар жібереді, бірақ Пайғамбарымыз (ﷺ) өткен жолғы жауабын қайталайды. Үшінші рет әкесінің өлгенін және қайтадан үйден шығуға рұқсат сұрап хабар жібереді. Пайғамбарымыз (ﷺ) әлгі әйелге былай айтады: «Алладан қорық, күйеуіңді тыңда. Үйіңде бол».

Алла Елшісі (ﷺ) әйелдің әкесінің жерлеуіне қатысады, Пайғамбарымызға (ﷺ) әйелдің әкесінің мойнында от болғандай уақи келеді. Оны жерлеп болған соң Алла Елшісі (ﷺ) өзінің сахабаларының біреуіне былай айтады «Анау әйелге айтыңдар, күйеуіне бойұсынғандығы үшін, Алла оның әкесінің күнәларын кешірді».

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: