Ихсан ілімі аясында ниеттің маңыздылығы

Ихсан ілімі аясында ниеттің маңыздылығы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Барлық мақтау мен ерекше мадақ бүкіл әлемдердің Раббысы Аллаға ғана лайық! Алланың ардақты елшісі адамзаттың абзалы Мұхаммед  (с.а.у.) пайғамбарға және оның отбасы мен сахабаларына Алланың игілігі мен сәлемі болсын!

Мұсылман кісінің күнделікті тіршілігінде күнделікті жасап жатқан іс-әрекетінде, сөйлеген сөзінде Алла Тағаланың разылығы мақсат етілуі тиіс.

Алла елшісі (с.ғ.с): «Амалдардың қабыл болуы, әрі сауапты болуы ниетке байланысты» деген. Демек, әр іс, әр амал ниетке байланысты. Сондықтан, мұсылман адамның шынайы ниетпен жасаған әрбір амалы және қайтарымы Алладан болады.

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Расында, Алла жасаған игіліктеріңді (өте жақсы) біледі» деп ескерткен. Сондықтан да Исламда ниеттің алатын орны бөлек. Ниет – адам әрекетінің нақты мақсатын білдіреді. Ниетсіз, себепсіз алға мақсат қойылмайды. Ал ниеттің орныққан жері- жүрек.

Алла елшісі (с.ғ.с) «Шын мәнінде Алла Тағала сендердің келбеттеріңе, байлықтарыңа қарамайды, Алла сендердің жүректеріңе, амалдарыңа қарайды» деген. Яғни хадистегі «жүрек» деген сөздің астарында ниеттің жатқаны белгілі. Сахаба Әбу Хурайра (р.а): «Жүрек-патша. Ағзалар оның әскері. Егер патша жақсы болса, әскері де жақсы болады. Ал егер патша нашар болса, әскері де нашар болады!» деп, барлық мәселенің дұрыс болуы тікелей ниетке байланысты екенін ескерткен. Расымен де адамның күллі өмірін гүлге айналдыратын оның игі ниеті. Ниет түзу болса амал да соған қарай икемделеді. Амалың қанша дұрыс болғанымен, ниетің дұрыс болмаса, онда ол амалдан ешбір пайда жоқ. Ниетінде Алла разылығы болған адам, қандайда бір себептерден сол бір амалды орындай алмаса да, аталған амалды атқарғандай сауапқа кенеледі.

Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезов: «Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек» деген екен.

         Мұсылман адам әрбір амалды Алла үшін атқаруға ниет  қылуы керек. Өйткені амалдардың баршасы ниетке байланысты екенін естен шығармауы тиіс.

         Алла Тағала баршамызды ниеті түзу, ықыласты құлдарының қатарынан қылсын!

Расылхан СЫБАНБАЙ

Тараз қаласы, «Әл Әділ» мешітінің имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: