Хауыз

Хауыз

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Алла тағала Өзінің ең сүйікті құлы әрі елшісі Мұхаммедке (с.а.с.) құрмет ретінде көлемі үлкен, суы сүттен ақ, иісі жұпардан да жағымды, ал көзелері аспан жұлдыздары сияқты, кім одан су ішсе, ешқашан шөлдемейтін, суы жаннаттағы Кәусардан келіп тұратын хауызды берген. Абдуллаһ ибн Амр (Алла әкесі екеуіне разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Менің хауызымның (көлемі) – бір айлық жол. Ал (оның) ернеулері теп-тегіс. Суы сүттен ақ, иісі мисктен де жағымды, ал көзелері аспан жұлдыздары сияқты кім одан су ішсе, ешқашан шөлдемейді», – дейді.

Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «...Ол қардан да ақ, балды сүттен де тәтті, ал ыдыстары жұлдыздардың санынан да көп. Бір кісі хауызынан жұрттың түйесін қайтарғаны сияқты мен де одан кейбір адамдарды қайтарамын», – деген. (Сахабалар): «Уа, Алланың елшісі! Сен бізді сол күні танисың ба?» – деп сұрайды. Пайғамбар (с.а.с.): «Иә, сендерде басқа халықтарда болмаған бір белгі болады. Дәреттің әсерінен маған жүздерің және қол-аяқтарың аппақ болып келесіңдер», – депті.

Саубан (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) хауыз туралы сұралғанда: «Ол сүттен де ақ, ағып тұрған балдан да тәтті. Оның жаннатқа жалғасқан екі арнасы бар: оның бірі – алтыннан, екіншісі – күмістен», – деп жауап берген. Алайда бұл үмбеттің кейбір адамдарына ол хауыздан ішуге нәсіп етпейді. Әнәс ибн Мәлик (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Маған хауызға менімен жүрген бір кісілер келеді. Олар маған көтеріліп, мен көрген бойда олар менен алыстатылады.

Мен: «Уа, Раббым! (Олар) – жолдастарым ғой, жолдастарым ғой!..» – деймін. Сонда маған: «Сен өзіңнен кейін олардың не ойлап тапқандарын білмейсің ғой», – деп айтады», – деген. Бір риуаятта: «Менен кейін дінді өзгерткендердің беті аулақ! Беті аулақ!» – деп айтылған.

"Ақырет өткелдері" кітабынан

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: