Сахабалар жұмыс істеп жүріп те білім алатын

Сахабалар жұмыс істеп жүріп те білім алатын

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Сәбит әл-Бүнани әңгімелейді: «Бірде бір топ адам Алланың елшісіне келіп: «Бізге Құранды және сенің сүннетіңді үйрететін бірнеше адам жіберсең жақсы болар еді», – деп ұсыныс жасады. Сонда Алланың елшісі ансарлықтардан «қурра» (құранды жатқа білушілер), – деген жетпіс адамдық бір топты аттандырды.

Солардың ішінде менің нағашы ағам Харам да бар еді. Осы қурра деген топтағылар түндерін Құран оқумен және білім алумен өткізетін, ал күндіз мешіттің алдында су мен отын таситын және содан түскен тиын-тебенмен күндерін көретін әрі артылып қалған қаражатын суффадағы кедейлерге таратып беретін. Бірде Алланың елшісі бәрін сапарға аттандырған болатын. Жолда оларды мүшріктер жаудың қолы жан-жағынан қамап ұстап, бәрін шейіт етті. Араларынан кейбіреулер шейіт болар алдында былай дұға етті: «Уа, Алламыз! Пайғамбарымызға саған қауышқанымызды, біздің Саған разы екендігімізді және Сенің де бізге разы екендігің туралы хабарды жеткізе гөр». Шайқас кезінде бір мүшрік ағам Харамның ту сыртынан найзасын бүйіріне шаншыпты. Ағам жан тапсырар алдында: «Қағбаның Раббына ант етем, құтылдым!»  – депті.

Осы қайғылы оқиғадан кейін Алланың елшісі сахабаларға былай деді: «Бауырларың шейіт болды. Жан тапсырар сәтінде олар: «Уа, Алламыз! Пайғамбарымызға саған қауышқанымызды, біздің Саған разы екендігіңді, Сенің де бізге разы екендігіңді жеткізе гөр», – деді».

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: