Шариғат шәлісін жамылғандар омырау обырымен ауыратындарға көмектесті

Шариғат шәлісін жамылғандар омырау обырымен ауыратындарға көмектесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Канададағы Онтарио университетінің студент қыздары мұсылман мәдениетін насихаттау әрі омырау обырымен сырқаттанатын ауруларға қаржы-қаражат жинау мақсатында «Қызғылт шариғат шәлісі» деп аталатын ағартушылық бағытта акция өткізді.

«Бұл - шариғат шәлісінен хабары жоқ адамдардың оның не екенін білуіне мүмкіндік беретін шара»,- деді мұсылман студенттер қауымдастығының (LU-MSA) вице-президенті Лейкхед Кэтлин Коннертон The Argus атты ақпарат көзіне берген сұхбатында.

«Шариғат шәлісі мұсылман қыз-келіншектердің киімі ғана емес, сонымен қатар, өмір сүру салты да. Біз шариғат шәлісіне қатысты қалыптасқан жаңсақ ұғымға тойтарыс береміз»,- деді ол.

Аталмыш акцияға қатысқан бойжеткендер бірыңғай қызғылт түсті шариғат шәлісін жамылып, омырау обырымен сырқаттанатын әйелдерге қаржылай қолдау көрсетіп, жәрдемдесу үшін өздері үйден дайындап әкелген тәтті тағамдарды сатты.

Қазан айында мұсылман студенттер қауымдастығы қайырымдылық апталығын өткізіп, балалар үйінің және көп балалы отбасылардың мұқтаждығына қаржы жинады.

Осынау ұйымның президенті Захида Хасан қыс мезігілінде асыл дініміз бен мұсылмандар жайлы ағартушылық бағытта тағы бір шара өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: